ЖАҢАЛЫҚТАР Астанада азық-түлік бағасы қымбаттап барады. 11 қараша 2003 жыл, 15:40 Қазақ ақпарат агенттігі қалалық статистика басқармасының мәліметіне сүйене отырып хабарлағанындай, соңғы аптада Астанада жұмыртқа бағасы – 8,2 пайызға, жемістер мен көкөністер бағасы - 10 пайызға, бензин бағасы – 9,6 пайызға өскендігі байқалған.