МАГАТЭ мамандары Иранның ядролық қару жасауға әрекеттеніп отырғанын көрсететін мәліметтер таппады.

Жақында Иран МАГАТЭ-ге өзінің ядролық бағдарламалар жөніндегі құжаттарын тапсырған болатын. Дүйсенбі күні Иран өкілдері ядролық нысандарды тексерушілерді шектемей оларға рұхсат ететін хаттамаға қол қоятынын ресми түрде МАГАТЭ-ге хабарлаған болатын.