Биыл Астанаға келуші шетелдіктер саны екі есе өскен.

Биылғы жылдың 9 айы ішінде Астанаға келуші шетелдіктер саны екі есе өскен деп хабарлайды Kz-today AA. Астана қаласы Ішкі істер басқармасының мәлімдеуінше биылғы жылдың 9 айы ішінде Астанаға 35500 шетелдік келген. Оның 7 мыңы алыс шетелден келгендер. Ал, биылғы жылдың 9 айында жалпы Қазақстанға келген шетелдіктер санына келер болсақ ол 642 мың кісі. Оның 104 мыңы алыс шетелден келгендер. Қазақстан территориясында бүгінде тұрақты тұрып жатқан 63 мың шетелдік бар.