Этникааралық келісімнің қазақстандық үлгісі: нұсқалар және тәжірибе атты конференция өтті

  • Саясат БЕЙİСБАЙ
Ол алдағы желтоқсан айында өтетін Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті сессиясы қарсаңына орайластырылған.
Осы жолғы жиынға 600-ден астам адам шақырылды. Олар дипломаттар, қоғам қайраткерлері, ұлттық мәдени орталық өкілдері, ғалымдар мен халықаралық ұйымдар қызметкерлері.

Әңгіме 130-дай ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстандағы ұлтаралық және діни қарым-қатынас жөнінде өрбіді. Соңында айтылған ұсыныс-пікірлер түйінделіп, ассамблея мүшелеріне нұсқа дайындалды.

Бүгінгі таңда Қазақстан этникааралық келісімнің үлгісі ретінде танылып отырғандығы айтылды. Бұл тәжірибені өзге елдерге тарату туралы сөз болды. Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері қоғамның жігі ажырамады деді мінберге шығып, сөз алғандар.

- 8 жыл бұрын мемлекет басшысының ұсынысымен құрылған Қазақстан халықтары ассамблеясы ұлттар арасындағы түсіністік пен бірлікті дамытуға үлес қосып келеді, - деді Қазақстан халықтары ассамблеясы төрағасының орынбасары Сергей Терещенко.

Қазақстан президенті ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушыларға арнап хат жолдады.