Бұл жөнінде Қазақстан республикасы Сыртқы істер министрлігінің ақпарат және талдаулар басқармасы хабарлауда. Аталған кеңес құрамына БҰҰ-на мүше 58 елдің өкілдері сайланған. Бұл кеңеске негізінен төрт жылдық мерзімге географиялық белгілері бойынша сайлау жүргізіледі. Қазақстанның аталған кеңеске мүшелігі 2004-ші жылдың 1-ші қаңтарында басталып, 2007-ші жылдың 31-ші желтоқсанында аяқталатын болады.