АҚШ Қорғаныс министрі Рамсфельд Еуропа одағының НАТО одағы бағдарламасына қайшы келмейтін қорғаныс жоспарын жасайтындығына сенімді екендігін айтады.

- Бұл мәселе бойынша, Еуропадағы бас министрлер мен қорғаныс министрліктері деңейінде өзара кеңестер жүргізілуде, - дейді АҚШ қорғаныс министрі Доналд Рамсфельд. Дүйсенбі күні, НАТО бас хатшысы Робертсон қорғаныс министрлерін Ауғанстандағы бейбітшілік шаралары үшін қажетті деңгейде көбірек сарбаздар және құралдармен қамтамасыз етуге үндеген болатын.