Брюсельде НАТО-ға мүше елдердің қорғаныс министрлерінің кездесуі өтіп жатыр.

Онда терроризммен күрес және аймақтық тұрақсыздық мәселелері Кавказ, Орталық Азия және Украина елдерінің өкілдерімен талқыланды. НАТО-ның бұл жиынында Молдова мен Грузиядағы сол сияқты Ауғанстандағы жағдай осы елдердің өкілдерімен талқыланатын болады. Сонымен қатар, Ресей қорғаныс министрі Сергей Иванов американдық әріптесі Дональд Рамсфелдпен кездеседі.