Астанадағы Ұлттық музыка академиясында «Сазды жұма» айлығы өтетін болады.

Желтоқсан айы бойына аптаның әр жұмасында ұйымдастырылатын бұл өнер жәрмеңкесі желтоқсанның 5-інде басталғалы отыр. Онда «Сазды жұмада» музыкалық түрлі жанрлар бойынша біліктіліктерін жетілдіріп жүрген болашақ мамандар қалың көпшілікпен жүздесіп, өз өнерлерін ортаға салуға мүмкіндік алатын болады.