Бүгін жемқорлыққа қарсы күрес туралы халықаралық Келісімге қол қою үшін 100-ден аса елдің өкілдері Мексикада жиналды.

МЕКСИКА: Бүгін Мексиканың Мерида қаласында жемқорлыққа қарсы күрес туралы халықаралық Келісімге қол қою үшін 100-ден аса елдің өкілдері жиналды. БҰҰ-ының бастамасымен әзірленген Келісімнің басты мақсаты – жемқорлық пен қаржылық заңсыздықтарға қарсы әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін ұштастыру болып отыр.