Ғейдар Әлиев қайтыс болды

Әзірбайжанның бұрынғы президенті Ғейдар Әлиевтің кеше кешкісін Американың Кливленд қаласының ауруханасында ұзақ науқастан кейін 80 жасында көз жұмды. Ғейдар Әлиев бірнеше ай төсек тартып қалған соң орнына ұлы Ильхам Әлиевті қойып кетті. 15 қарашада Әзірбайжанда өткен президенттік сайлауды халықаралық бақылаушылар әділетсіз деп тапқан.