Лойа Жырға, яғни Ауғанстанның Бас Ассамблеясы ел Ата заңының жаңа жобасын талқылауды бастап кетті.

Осы аралықта ел астанасына екі бірдей зымырандық шабуылдар жасалып үлгерген болатын. Сондай-ақ, бүгін мұнда екі жарылыс орын алды. Басқосуға жиналған 500 делегат арасында елбасы Хамид Қарзай билігінің одан әрі кеңейгендігін Ата заңда қалай көрсету жайы қызу пікірталас туындатуда.