АҚШ президенті Дж. Буштың әкімшілігі егер палестиндіктер бейбіт реттеу жоспарын қабылдамайтын болса, біржақты қимылға барамыз деген Израил премьер-министрі Ариел Шаронның сөзінде оң аспект бар деп айтқан.

Бұл жөнінде Ақ үйдің өкілі Макклеллан Шаронның айтқандары Вашингтонның көңілінен шықты деген. Одан ертерек Палестин премер-министрі Ахмед Курей Израилдың ескертуіне өз көзқарасын былай деп білдірген: - Мен бір жаңалық күткен едім, өкінішке қарай ол болмады. Бірақ мен тағы да қайталап айтамын, біз жол картасын мойындаймыз. Біз тұрақты келісімге қол жеткенін және дау-дамайға біржолата нүкте қойылғанын қалаймыз, - деген Палестин премері.