Барлығы 100 килограмдай жарылғыш зат және 200 килограмдай детонатор Римнің орталығындағы бір үйден табылған. Полиция басқадай бірқатар заттарды да тәркілеген.
Қызыл бригадашылар 1999-2002 жылдар аралығында Италияның Еңбек министрлігінің екі шенеунігін өлтірді деп күдіктеледі. Сондай-ақ 1970-80 жылдар Италияда болған бірқатар бомба жарылыстары сияқты қастандық әрекеттеріне де қатысты деген күдік те бар.