Қарағанды облысының делегациясы Ресейдегі Қазақстан жылын қорытындылап қайтты.

Желтоқсанның 17-19-ы аралығында Қарағанды облысының әкімі бастаған облыс делегациясы Ресейдің Кемерово қаласына барып қайтты деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі. Осынау сауда-өнеркәсіптік ауқымында Кемерово қаласына барған кәсіпкерлер мен облыстағы ірі кәсіпорындардың басшылары сапар барысында 12 ынтымақтастық хаттамасына қол қойған.