Израил полициясы кеше Иерусалемде Мысыр сыртқы істер министріне шабуылдаушыларды тұтқындады.

Израил полициясы Иерусалемде кеше Мысыр сыртқы істер министрі Ахмед Махерге болған шабуылға байланысты 7 палестиндықты тұтқынға алды. Мысыр елшісі Иерусалемге Таяу Шығыс бойынша келіссөз өткізуге келген. Шабуыл болғаннан кейін 68 жастағы Мысыр елшісі ауруханаға жеткізіліп содан кейін өз еліне жүріп кеткен.