Чилилік судья бұрынғы диктаторы Аугусто Пиночетті қол тигізбейтін құзырынан айырып, сотқа беруді талап етуде.

САНТЬЯГО: Чилилік судья Хуан Гусман Тапиа тағы да Чилидің бұрынғы диктаторы Аугусто Пиночетті қол тигізбейтін құзырынан айырып, сотқа беруді талап етуде. 1973-1990-ыншы жылдарда Пиночеттің билігі кезінде 3 мың адам хабар-ошарсыз жоғалды. Қазір Пиночеттің жасы 88-де. 2001 жылдың басында бұрынғы диктатор пәтеріне қамауға жабылды, алайда Жоғарғы сот оның денсаулығы соттауға мүмкіндік бермейді деген қаулы шығарды.