ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы жетекшісі М.Ходорковский 25-інші наурызға дейін тергеу абақтысында отырады.

МӘСКЕУ: ЮКОС мұнай компаниясының бұрынғы жетекшісі М.Ходорковскийді абақтыда ұстау мерзімі 25-інші наурызға дейін ұзартылды. Ресейдің Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Мәскеудің Басман соты сейсенбіде осындай өкім шығарды. М.Ходоркоскийдің адвокаттары прокуратура бұлтартпайтын айғақтарды ұсына алмады мәлімдеп, ол өкімді қайта қаратпақ.