Иран İшкі істер министрі Мусави Ларидің айтуынша, Бам қаласындағы жұма күнгі зілзала салдарынан қаза тапқандар саны 20 мыңнан асып кеткен.

15 мыңдай мүрде жерленген. Жексенбі күні мың шақты адам тірі табылған. Бірақ өлі денелер де көптеп қазып алынуда. Оның үстіне Бамда жексенбі күні бір құтқарушы тікұшақ апатқа ұшырап, 3 адам қаза тапқан. Шет елдерден көмектесу мақсатымен келген 46 ұшақ Кермен уалаятына қонған. İздуеші иттермен арнайы құтқарушы топтар келе бастаған. Олардың жалпы саны 400ден асады.

Рихтер өлшемімен 6.7 балл жерсілкінісі болған бұл көне қала Бамда үйлердің төрттен үш бүлігі қираған.