“Әл-Джазира” телекомпаниясы эфирге берген үнтаспа тұпнұсқа болса, онда ол соңғы үш аптаның ішінде жазылған болып шығады.

ДОХА: Катар араб елінде орналасқан “Әл-Джазира” телекомпаниясы экранға, өзінің мәлімдеуінше, Усама бин Ладин үндеуінің жаңа үнтаспасын берді. Таспадағы дауыс мұсылмандарды Ирақтағы АҚШ басқыншылығына және исламға қарсы бағытталған қайсыбір қастандыққа қарсы соғысуға шақырады. Әлгі дауыс АҚШ әскерилерінің Ирақ диктаторы Саддам Хусеинді ұстағанын да айтады, соған қарағанда, егер үнтаспа тұпнұсқа болса, онда оның соңғы үш аптаның ішінде жазылған болып шығады. Таспада Усама бин Ладин Ирақтың бұрынғы режиміне қарсы соғысты қолдаған араб елдерін сынайды.