KASE: Қазақстан теңгесінің 1 АҚШ долларына шаққандағы бағамы соңғы 4 жылда тұңғыш рет 143 теңгеден арзандады.

АЛМАТЫ: Дүйсенбі күні Қазақстанның қор биржасында (KASE) теңгенің 1 АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы өткен сәрсенбідегі бағамынан 0,42 теңгеге өсіп, 1 доллар 142,91 теңгені құрады. 1-4 қаңтар аралығында Қазақстанның қор биржасы жұмыс істеген жоқ. АҚШ доллары бойынша дүйсенбідегі сауда ауқымы, өткен сәрсенбідегі 95,8 млн. долларлық көлемінен айтарлықтай төмендеп, 40 млн. доллардан сәл ғана асып жығылды.