Халықаралық Қызыл крест ұйымы мен БҰҰ-ы жер сілкінуден зардап шеккен Иранның Бам қаласының тұрғындарына алдағы үш айдың ішінде 73 миллион доллардың көмегін көрсетуге шақырды.

Бұл қаржыны медициналық дәрі-дәрмек көмегі мен зілзаладан қираған қаланың инфрақұрылымын қайта қалпына келтіруге жұмсалу көзделіп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 30 миллион доллардың өзі Бам қаласының денсаулық жүйесін қалпына келтіруге қажет болады дейді.