Пәкістан өкімет басшысы Зафаруллах Хан Жамали бүгін Ауғанстанға келді.

Сапар барысында Жамали мырза террошылыққа қарсы күресте және Талибан мен әл-Қайда жауынгерлерін ұстауда әріптестік орнатудың жайын ақылдаспақшы. Ауған жеріне жасап отырған алғашқы ресми сапары барысында Жамали мырза елбасы Хамид Қарзаймен және Ауғанстанның басқа да ресми тұлғаларымен кездесуде.