Бұдан бұрынғы хабарларымызда айтқанымыздай, радикалдық бағыттағы саясаткерлер либералдық бағыттағы үміткерлердің Мәжіліс сайлауларына қатысуына кедергі жасап бағуда. Егер екі жақ теке-тірестерін өзара келісе отырып шеше алмаса, ондай жағдайда мәселеге өзінің араласатындығын елдің рухани көсемі Аятоллах Али Хаменей мәлімдеді. Реформашыл бағыттағы депутаттар ақпанның 20-сына белгіленген сайлауларға бойкот жариялауды жоспарлауда.