Грузиядағы өз әскерлерін тез арада шығару үшін Ресей асықпайды, - деді Қорғаныс министрі Сергей Иванов.

Грузиядағы екі әскери базасын жабу үшін, 1990-шы жылы Германиядан асығыс түрде әскерін әкеткендей қадамды ресми Мәскеу енді қайталамақ емес-, деді ол. Грузия болса, орыс әскерлерінің тезірек шығарылуына күш салуда. Осы базаларын жабу үшін АҚШ тарапы кеше Ресейге қаржылай көмек те ұсынған болатын.