Бақуба қаласында орын алған аутокөліктегі бомбалық жарылыстан ирақтық екі азамат және сол бомба жарушының өзі қаза болған.
Бұдан бір аптаға жетер-жетпес шамада Бақуба мешітінде болған бомбалық жарылыс кесірінен бес адам қаза болған еді. Сондай-ақ Иззат Ибрагим әл-Доуридің төрт немер ағайындары тұтқындалған. Әл-Доури кезінде Саддам Хусейннің бас көмекшісі болған.