Пәкістанның ядролық технологияларын Иран мен басқа елдерге берілуі ықтимал деген ақпарға сәйкес, Пәкістан өкіметі 8 ядрошыл-ғалымын тергеуге кірісті.

ИСЛАМАБАД: Пәкістанның ядролық технологияларын Иран мен басқа елдерге берілуі ықтимал деген ақпарға сәйкес, Пәкістан өкіметі 8 ядрошыл-ғалымын тергеуге кірісті. Ондай деректі Исламабад атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттік – МАГАТЭ-ден алды. Пәкістан билігі ядролық технологияларды Иран, Ливия және Солтүстік Кәрейге беруге ресми ұйымдардың қатысы барлығын жоққа шығаруда, бірақ та ондай ақпардың жекелеген ғалымдардан шығу мүмкіндігін де ескертті.