Қаңтар айының соңында Теміртауда жаңа “SOS Kinderdorf” ауылы ашылып, тәрбиеге алғашқы балаларды қабылдай бастайды.

ТЕМІРТАУ: Қаңтардың соңында Теміртауда ашылатын жаңа “SOS Kinderdorf” ауылына алғашқы балалар қабылдана бастайды. Қазір аталмыш ауылда 12 баспана, әкімшілік кеңсесі балалардың ойын-сауық алаңы салынып болып, ауылдың ресми ашылуы жақындап қалды. Өткен жексенбіде тәрбиеші, күтуші болып істейтін алғашқы 3 “ана” мен 2 “апай” ауылға келді және тағы соншама тәрбиеші мен күтуші іріктеп алуға байқау жарияланып отыр.