Г.Каспаров: Ресей өкіметі ел биліктің ауысуының демократиялық әдісі ретінде сайлау институтын жоюды көздеп отыр.

МӘСКЕУ: “Сайлау еркіндігі – 2008” комитетінің құрылтайшылары: Ресейде ауқымы кең демократиялық майдан құрылуы керек деп мәлімдеуде. Мәскеудегі баспасөз-маслихатында комитет төрағасы Гарри Каспаров мәлімдегендей, өткен аптада құрылған ұйымның мақсаты – белгілі бір үміткерді қолдау емес, 2008 жылы президент сайлауын әділ өткізу үшін күрес болып табылады. Оның пікірінше, Ресей өкіметі ел биліктің ауысуының демократиялық әдісі ретінде сайлау институтын жоюды көздеп отыр.