Оралда егде кісілердің үйін тартып алумен айналысқан топ ұсталды.

Орал. Орал қаласында жалғызілікті егде кісілерді қорқытып-үркітіп үйін тартып алумен айналысып келген бір топ алаяқ тұтқындалды. Бұ жәйлі бүгін KZ-today хабарлады. Полицияның мәлімдеуінше бір Ресей азаматы басшылық еткен алаяқтар тобы осы кезге дейін қорқытып-үркітумен 12 жалғызілікті кісінің үйін иемденген.