Сабаһ ас-Сабаһ: Ирақ берешегінің бір бөлігін кешіру туралы келіссөздерді бастауға Кувейт дайын.

ӘЛ-КУВЕЙТ: Ирақ берешегінің бір бөлігін кешіру туралы келіссөздерді бастауға Кувейт дайын. АҚШ-тың арнаулы өкілі Джеймс Бэйкермен келіссөздерінен кейін Кувейттің премьер-министрі Сабаһ әл-Ахмат ас-Сабаһ осылай деп мәлімдеді. Дегенмен де ол, әлгіндей келісім Ирақтың халықаралық қоғам мойындаған үкіметі мақұлдаған жағдайда ғана мүмкін деп атап көрсетті. Ирақ Кувейтке 16 млрд. доллар қарыз.