АҚШ президенті Дж.Буш Конгрестен Ішкі қауіпсіздік министрлігінің терроризмге қарсы күресіне 30 млрд. доллардан астам қаржы бөлуді сұрамақ.

ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Конгрестен келесі қаржы жылында Ішкі қауіпсіздік министрлігінің терроризмге қарсы күресіне 30 млрд. доллардан астам қаржы бөлуді сұрамақ. Ол жөнінде бейсенбіде жария еткен Дж.Буш: ішкі қауіпсіздіктің мұқтаждығына 2001 жылдың 11 қыркүйегіне дейінгіден 3 есе көп қаржы сұрап отырғанын атап көрсетті.