Алматыда қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ұлттық сарапшылардың кездесуі өтеді.

Қаңтардың 27-28-де Алматыда Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-қимылдардың жергілікті жобаларын дамыту жөніндегі ұлттық сарапшылардың кездесуі өтіп, онда жергілікті қоғамдастықтардың тұрақты даму жолдары және 21-ғасырда Орталық Азия елдерінің алдында тұрған өзекті мәселелер талқыланады. Бұл бас қосуға аймақтағы бес республика-Тәжікстан, Өзебкстан, Түркменстан, Қырғызстан және Қазақстанның өкілдері қатысады деп хабарлайды Қазқпарат.