Чехия сыртқы істер министрі Қазақстанда ресми сапарда

Бүгін бейсенбіде Чехия республикасы үкімет басшысының орынбасары әрі сыртқы істер министрі Цирилл Свобода Қазақстанға ресми сапармен келмек. Мәртебелі мейман Астанада қазақстандық ел басшылары - президент Н. Назарбаев, бас министр Д. Ахметов, Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев және басқа ресмилермен кездесіп пікір алмаспақ. Чехия үкімет басы орынбасарының Қазақстан сапары қаңтардың 31іне дейін жалғаспақ.