Пәкістанның оңтүстік-шығыс ауданында бір жарым тонна героин табылған.

Пәкістандағы бір кедендік бекет қызметкерлері оңтүстік-батыс аудандардың бірі Шағайда қару-жарақтармен бірге жасырып қойылған бір жарым тоннадан астам героинді тапқан. Дәл сол ауданнан өткен жылғы мамыр айында 1 тонна 350 килограм героин қолға түсірілген болатын.