Тәжікстан халықаралық полиция мекемесі Интерполға кірмек.

İшкі істер министрі Шариповтың айтуынша, Тәжікстан Францияның Лион қаласында орналасқан Интерполға кіруге ертеректен-ақ әрекеттенген, бірақ дер кезінде мүшелік жарна төлеуге мүмкіндігі болмаған. Дегенмен Интерпол 90-жылдары 5 жыл бойы өзара соғысып барынша титықтаған тәжіктерге біршама жеңілдік беруге дайын болып отыр екен.