Оңтүстік Ауғанстандағы қоймада үлкен жарылыс болып, 7 адам қаза тапты.

Кеше бейсенбіде Ауғанстанның оңтүстігінде болған жарылыстан американдық 7 әскери қаза тауып, тағы да 3 сарбаз, сондай-ақ ауғанстандық аудармашы жарақат алған. Бір американдық із-түзсіз жоғалған. АҚШтық қолбасшылықтың хабарлауынша, әскерилер тұрған жердегі қару-жарақ қоймасы жарылған.