Ирақта Голландия елшілігі атқыланды

Ирақтағы Голландия елшілігі кеше кешкісін зымырандармен атқыланды. Ғимаратқа аздаған зақым келді, адам шығыны жоқ. Шиит басшылығының өкілі шейх Абдұл Мехди Кербалаи ашық сайлау өткізу бастамасын Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдерімен талқылауға дайындалып жатырмыз деп мәлімдеді. Ұйым өкілдері Ираққа он күннен кейін келмек. Шиит басшылығы тікелей сайлауды бірден өткізуді талап етеді. Америка Құрама Штаттары бұған қарсы, алдымен 30 маусымға таман уақытша үкіметті іріктеу керек дейді.