Еуропадан АҚШ-қа қатынайтын кейбір ұшақтар тағы тоқтатылды

"Континеталь Эйрлайнз", "Бритиш Эйеруейз" және "Эйр Франс" компаниялары Америка Құрама Штаттарына қатынайтын рейстетін бүгін - ертең атқармайды. Бұған террорлық шабуыл қаупі негіз деп табылды. Батыс ақпарат агенттіктері АҚШ ресми тұлғасына сілтеме жасап, "Әл Қаида" террорлық ұйымы Еуропадан қатынайтын кейбір ұшақтарға шабуыл жасауы мүмкін деп хабарлады.