Ирақтың солтүстігіндегі Эрбиль қаласында болған террористік қастандықтың салдарынан, соңғы дерек бойынша, кем дегенде 56 кісі опат болды.

БАҒДАД: Ирақтың солтүстігіндегі Эрбиль қаласында болған террористік қастандықтың салдарынан, соңғы дерек бойынша, кем дегенде 56 кісі опат болды. Әскери АҚШ басшылығы тағы 200 адамның жараланғанын хабарлауда. Жанпидашыл террористер күрдтердің ірі 2 партиясының құрбан-айтқа көп халық жиналған штаб-пәтері іргесінде бомбаларды жарды. Ол қастандықты әзірше ешкім өз жауапкершілігіне алмай отыр.