Сидней олимпиадасының күміс және 2003 жылғы “Тур де Франс” жарысының қола жүлдегері - қазақстандық А.Винокуров ақпанда жарыстардың жаңа маусымын бастайды.

БЕРЛИН: Сидней олимпиадасының күміс және 2003 жылғы “Тур де Франс” жарысының қола жүлдегері - әлемдегі ең үздік велошабандоздардың бірі – қазақстандық Александр Винокуров ақпан айында жарыстардың жаңа маусымын бастайды. Қазақстандық велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскуриннің айтуынша, Немістердің “Т-Мобайл” командасының намысын қорғайтын А.Винокуровтың қатысатын әрбір жарысы көп күндік “Тур де Франс” турнирі мен Олимпиада ойындарына дайындық есебінде қарастырылмақ. Велошабандоз үшін жүлделі орыннан басқа нәтиженің барлығы сәтсіздік болып есептеледі.