Пәкістан президенті Первез Мушарраф бейсенбі күні мәлімдегеніндей, Кабинет мүшелерінің өтінішін ескере отырып, ядролық құпияны сыртқа жайған зерттеуші ғалым Абдул Қадыр Ханға кешірім жасаған.

- Кабинет маған кешірім жөнінде ұсыныс жасады. Ал мен Пәкістанның президенті ретінде Абдул Қадыр Ханды біздің ұлттық қахарманымыз деп есептеймін. Бірақ ол қателік жіберіп, бізді ренжітті. Дегенмен мен оны кешіремін, - деді президент Мушарраф. Первез Мушаррафтың айтуынша, Пәкістан БҰҰна өзінің қарулар жөніндегі бағдарламасын көрсетпейді, ешқандай құжатттар бермейді. Абдул Хан сәрсенбі күні қарулар жөніндегі құпияны таратқандығын мойындап өз елінен кешірім сұраған болатын.