Шәріп Құрақбаев, «Сөз» газетінің редакторы:

  • Саясат БЕЙİСБАЙ
Қазақстан Патриоттар партиясы қоршаған ортаны қорғау, экология мәселесіне назар аударып, соған өз үлестерін қоса бастады. Партия ОК мүшесі Ысқақов Амангелді өткен күзде Қазақ табиғат қорғау қоғамының төрағасы болып сайланғалы бері бұл шара олдан әрі дами түмкен. Жалпы, партия құрылған кездегі басшыларының дені табиғат қорғау қоғамының мүшелері болған.

Патриоттар партиясының құрылғанына 12 көкекте төрт жыл толады. Бұл саяси ұйым «Эко курьер» газетін орыс тілінде шығаруға көмектесіп келсе, енді таяу күндері «Атамекен» басылымы жаңаша мазмұнда қазақ тілінде жарық көре бастайды. Бұл газет осы айда шығады дейді Қазақстан патриоттар партиясы ОК мүшесі Гүлдана Хасенқызы.

Жалпы осы екі басылым республикадағы экологиялық ахуалды жан-жақты баяндап, жариялап қана отырмай, партияның өмірінен хабардар етіп, соның саяси тұғырнамасын насихаттап отырады.