АҚШ президенті әлем қауымдастығын жаппай қырғын қаруларының таратылмауы үшін күреске шақырды.

Сәрсенбі күні Вашингтондағы Ұлттық қорғаныс университетінде болған кезде президент Буш халықаралық қауымдастықты қосымша елдердің де ядролық қару шығаруға қажетті материялдарға ие болуына мүмкіндік бермеуге шақырды. Ол үшін жаппай заң-тәртіп күштерінен және барлау операцияларынан пайдаланып, қарулар сататын қара базарларды жоюға үндеді. - Біз қару сатудағы делдалдарды, оларды сатып алушыларды, таратушыларды міндетті түрде табамыз, - деген президент Буш.