Бұл күні Сенат Бюджет кодексінің жобасы екінші оқылымда талқыланатын болды. Өйткені, Бюджет кодексінің жобасы ақпанның 12-сі күнгі Сенат отырысында қаралуы тиіс болатын. Алайда осы кодекс жобасы бойынша Сенат отырысына шақырылған бір топ лауазым иелері жиналысқа келе алмаған. Сондықтан Бюджет кодексінің жобасы бүгін, ақпанның 13-і күнгі жалпы отырыста қаралатын болды.