Қазақстан үкіметі мемлекеттегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен тіл табыса ала ма?......

  • Гүлмира ХАМЗА
Қазақстан журналисттерінің үшінші конгрессінде Қазақстан Республикасы Ақпарат министрі Сауытбек Абдрахманов, әріптестерін мемлекетте болып жатқан жағымды жәйттарға назарды көбірек аударып, отансүйгіштікке шақырды.

Қазақстандағы «31 канал» деп аталатын тәуелсіз телеарнаның жаңалықтар бөлімінің жетекшісі Серік Әбікенұлының айтуынша, министрдің бұл пікірімен келісуге болады.

Серік Әбікенұлы, «31 канал» телеарна журналисті: - Министрдің айтқан пікірінде мәселелер дұрыс көтерілген, деп ойлаймын. Себебі қазір үкімет пен журналисттер арасында, әсіресе қазақ тілді журналисттермен байланыс дамып келе жатыр. Мен бұл арқылы қазақ тілді журналисттерді қолдау және мемлекеттік тілді қолдау,деп білемін. Қазір шындықты айту керек, Қазақстандағы сөз бостандығының жағдайы көрші мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай жақсы. Осы жәйттің өзі үкімет пен журналисттер қауымдастығы арасындағы қарым-қатынастың жақсы екенін көрсетіп отыр.

Қазақстандағы тәуелсіз журналисттің бірі Ермұрат Бәпидің ойынша, үкіметпен журналисттер қауымдастығының қарым-қатынасын, парламентте қарастырылып жатқан заңмен бағалауға болады.

Ермұрат Бәпи,тәуелсіз журналист: - Осы заңды үкімет әзірлеп отыр, бұл заң жобаны парламент қабылдайды. Ал бұл заң жобаны талқылау барысында тәуелсіз журналисттердің, халықаралық ұйым өкілдерінің пікірі ескертілмеді. Осыған қарағанда, Қазақстан үкіметі журналисттерге көңіл бөледі, деп айту қиын.

Сонымен қатар, журналист Ермұрат Бәпи Қазақстан Республикасы Ақпарат министрі Сауытбек Әбдірахмановтың әріптестерін отансүйгіштікке шақырғанына байланысты пікірін білдірді.

Ермұрат Бәпи,тәуелсіз журналист: - Мен министрден мына Қазақстанның ақшасын алып, миллиондаған, миллиардтаған ақшаларын шетелдерге тыққан азаматтардың патриоттық сезімі қайда екен? - деп сұрағым келеді.

Қазақстан Журналисттер Одағының жетекшісі Сейтқазы Матаев бұдан бұрын парламентте жатқан «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы заң жоба конгірессте қарастырылып, журналисттер мемлекет жетекшісіне үндеу жариялау мүмкін, деген. Әзірге, бұл заң жобаға қарсы азаматтар, құжат үкімет әзірлеген түрде мақұлданса, қарапайым халық Қазақстанның газет-журналдарын оқудан, теле және радио хабарларрды тыңдаудан қалады, дегенді айтқан. Осыған байланысты біз қарапайым алматылықтар республикалық басылымдар мен теле-радио хабарларды қалай бағалайтынын білуге тырыстық.

Қарапайым қазақстандықтар: - Енді, әрдайым шындықты айтатындар өте аз. Маған телеарналардағы хабарлар ұнайды, тамаша. Мен ойлаймын, қазір біз шындықты айтуға тырысып жүрміз. Мен бұрын «Егемен Қазақстан» газетін оқығам, қазір оқығым келмейді. Себебі онда шындық айтылмайды, журналистер тәуелсіз емес. Негізінен, олар халықтың пікірін айту керек, алайда халықтың мұң-мұқтажы өз деңгейінде айтылмайды, халықтың пікірі берілмейді. Сол себептен мұндай жұмыстан нәтиже болмайды, Кеңес Одағы кезінде де осындай жағдай болған.

Қазақстандық журналистердің еңбегі бағалану үшін, үкімет оларға жағдай жасау керек, ал билікте отырған азаматтардың ар-ұяты көп болу керек,- дейді орыс тілді алматылықтар.