Солтүстік Корея делегациясының жетекшісі, Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Гай Гуан өткен тамыз айындағыдан гөрі қазіргі келіссөздер жағдайы жақсырақ екендігін айтқан. Ким өтем төлеу мәселесі шешілгенге дейін , Солтүстік Корея өзінің ядролық қару бағдарламасын тоқтатып қоймайды деген. Желтоқсан айында Солтүстік Корея егер АҚШ-тан экономикалық және басқадай көмек болатын болса, ядролық қару қимыл-әрекеттеріне бармаймыз деп талап қойған, оған АҚШ жауап ретінде Солтүстік Корея алдымен ядролық бағдарламасын бөлшектеуді бастасын деген-ді.