Мароккода құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

Марокко елінде Ал-Хосейма қаласының маңындағы ауылдарды жайпап кеткен жер сілкінісінен кейін құтқару жұмыстары бүгін одан ары жалғасып жатыр. Сейсенбі күні тәңертен ерте болған зілзаланың салдарынан кемінде 564 адам қаза тапты. Сілкініс қуаты 6 жарым балмен өлшенеді.