Бельгияда 4 қыз баланы зорлап өлтірді деп айыпталған Марк Дютрудың ісі бойынша сот басталады.

БРЮССЕЛЬ: Бүгін Бельгияда 4 қыз баланы зорлап өлтірді деп айыпталған Марк Дютрудың ісі бойынша сот басталады. Тергеуі 8 жыл бойы жалғасқан осы істің салдарынан Бельгиядағы билік басындағы партия 1999-ыншы жылғы парламент сайлауында жеңіліс тапты. Кезінде әлгі қылмыскердің қаныпезерлігі ғана емес, полиция мен судьялардың енжарлығы да үлкен наразылық туғызды. Тергеудің әділ блуын талап еткен 100 мыңдаған адам шеруге шықты.