Қазақстандық кәсіпкерлер Ресей кеденшілері кедергі келтіріп отыр деп мәлімдеді

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН
5 наурызда Қазақстандық кәсіпкерлер Ресей кеденшілері кедергі келтіріп отыр деп мәлімдеді. Ресей Федерациясында биылғы жыл басынан жаңа кедендік кодекс күшіне енгелі бері көрші елмен сауда – саттық жасау қазақстандық кәсіпкерлер үшін қиындап кетіпті.

Алайда мұнымен келіспейтін Қазақстан кеден қызметі жанындағы Ресей кеден қызметі өкілдігінің басшысы Эрнест Бахшецян: «Жаңа жылдан бастап, жаңа кеден заңы бойынша көптеген талап етушілік жағдайлары тоқтатылды. Тек аздаған түсініспеушіліктер кездесуі мүмкін,» – дейді.

Ал Қазақстан кеден одағының президенті Нұрлан Бұршақбаев Ресейдің жаңа кеден заңындағы кедергілер түзетіліп, дипломатиялық жолмен реттелер деген сенімде.