Македония президенті Борис Трайковский, ел астанасы Скопьеде жерленді.

Македонияның 47 жастағы президенті Трайковский, осыдан бір апта бұрын , оңтүстік Босния елінің Мостар деген қаласы маңайында қалың тұманда, 8 сапарласымен, ұшақ апатында қаза тапқан болатын. Жерлеу рәсіміне әлемнің 24 елінен ресми басшылар қатысты. ЕроОдақ мемлекеттері атынан ЕуроКомиссия президенті Романо Проди келді.